“Астана” – “Барыс-Жас”. Алғысөз

30.01.2021

20-ші және 21-ші қаңтарда «Астана» жастар командасы елордалық «Барыс-Жас» командасына қарсы екі рет кездесу өткізеді. Екі команда да жаңа жылда төрт матч өткізіп үлгерді.

«Барыс-Жас» екі көшпелі серия өткізді: оралдық «Ястребы» командасына қарсы бір жеңіліске ұшырап, бір жеңіске жетті, және «Горняк» рудныйлық командасына қарсы ойында екі сенімді жеңіске жетті. «Астана» бір көшпелі және бір үй сериясын өткізді. А.Майжоловтың шәкірттері қарағандылық ұжыммен сырт мұз алаңында кездесті, және екі жеңіске жетті, олардың бірі «құрғақ» – 0:3, ал екінші ойынды 4 шайбадағы айырмашылықпен 4:8 жеңіспен аяқтады.

«Астана» мұз айдынында павлодарлық «Мұнайшы» жастар клубын бірден қабылдайды. Кездесулердің нәтижесіне нақты не әсер еткені белгісіз, алайда олардың нәтижесі – овертаймдағы жеңіс 4:3, және бір ғана тасталған шайбадағы айырмашылық – 2:3 жеңілісімен.

Елордалық екі команда да турнир кестесінде көршілер. Осылайша, «Астана» 20 өткізілген ойынның қорытындысы бойынша активте 31 ұпай жинаған кестенің төртінші орнына ие болса,  «Барыс-Жас» 18 кездесу өткізген ойындарынан 29 ұпай жинаған және бесінші орында тұр. Алайда, біздің қарсыласымыздың активінде екі ойын бар екенін ескерген жөн. Тасталған және өткізіп жіберілген шайбалардың айырмашылығына қатысты, Астанада 72/60 және А. Березинскийдің шәкірттерінде 62/55.

Кездесулер 20-ші және 21-ші қаңтарда сағат 14:00-де басталады. Біздің жігіттерге сәттілік тілейміз! Алға «Астана»!

 

Спонсоры и партнеры
Генеральный партнер
Технический партнер
Информационный партнер